08:26, 14 Наурыз 2013 | GMT +5
Қызылордада заңсыз мұнай тасымалы анықталды
ҚЫЗЫЛОРДА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында «Қызылорда-Құмкөл»

тас жолы бойында мұнай тасуға арналған «Камаз» көлігін тоқтатты.
Қызылорда облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, тексеру барысында көліктің цистернасы шикі мұнайға толы екендігі анықталды. Сондай-ақ оған тиісті заңды құжаттар болмай шықты.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 183-1-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.