Қызылордада жалған доллар жасағандар сотталды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жалған ақша жасағандар жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған қылмыстық іс Қызылорда қалалық сотында қаралды. Жалған ақша жасаумен екі азамат айналысқан. Олар өздерінің ойларын іске асыру үшін қала орталығынан пәтер жалдаған. Осының нәтижесінде олар 10 мың теңге мен 100 доллар бейнесінде жалған банкноттар жасаған. Бұл азаматтар аталған қылмыстық ісін сот барысында мойындады.
«Тергеп-тексеру барысында күдіктілер өз кінәлерін толық мойындады. Осындай деректерді негізге ала отырып, оларға тиісті жазалар тағайындалды», - деді қалалық соттың судьясы Аңсат Сұлтанбеков.
Қалалық сот үкімімен сотталушы Ш деген азамат 5 жыл үш ай, ал тағы бір З. есімді сотталушы 5 жыл бас бостандығынан айрылды.