Қызылордада жаңа нан зауыты іске қосылды

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылордада еліміздің индустриялық-инновациялық бағдарламасының шеңберінде жаңа нан зауыты қатарға қосылды.
None
None

Ол қаладағы «Шапағат сүт» ЖШС иелігіне қарайды. Ресейлік және чехиялық заманауи техноло­гиямен жабдықталған зауыт тәулігіне 30 тонна түрлі нан өнімдерін шығарады. Серіктестік дирек­торы Данияр Алдоңғаровтың атап өткеніндей, Қызылорда қаласы тұрғындарының 63,3 пайызын нан өнімдерімен қамтамасыз ететін аталмыш зауытта еңбеккерлерге барлық жағдай жасалған.

Қазір Қызылорда қаласында бір бөлке нан 30-35 теңгеден сатылса, аталмыш серіктестік салмағы 500-600 грамм болатын нан өнімдерін 30 теңгеге сатуды жоспарлап отыр.

- Ресей дүкендерінде нан өнімдерінің 60- 70 түрі сатылады. Негізі барлық тағам түрлерінің сапалы болуы мамандардың біліктілігіне тікелей қатысты ,-дейді серіктестіктің арнайы шақыруымен келіп, әріптестерін жаңа өндіріске үйретіп ж.рген Челябідегі «Макиз Урал» ТМ өндірісінің технологы Галина Стенина бізбен әңгімесінде. Ол сондай-ақ аталмыш серіктестіктегі ұнның сапасы жоғары екендігін атап өтті.

Әзірге зауыт өнімдері «Ақниет» сауда орталығында сатылады. Алдағы уақытта серіктестік сауда нүктелерінің қатарын көбейтуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар