Қызылордада жансақтау бөлімінде коронавирус жұқтырған нәресте жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық көпбейінді балалар ауруханасында коронавирусқа шалдыққан әртүрлі жастағы 59 бала ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Емдеу орнында сәуір айында 20 орынға лайықталған короновирус инфекциясы бөлімшесі ашылған еді. Ол шілдеде індеттің өршуіне байланысты 90 орынға көбейтілген.

«Өңірде қазір 1 жасқа дейінгі сәбилер арасында да ауру тіркелуде. Жансақтау бөлімінде қазір 2 бала жатыр. Оның бірі - нәресте болса, енді бірі - жасөспірім бала. Науқастар ауруханаға жағдайы нашарлап, температурасы 39-40-тан түспей, ентігумен түсуде. Сондықтан балалар ауырмасын десек, ата-аналары екпе алып, сақтану керек. Сәбилердің иммунитетін түсіріп алмай, көпшілік орындарға жиі апармауы қажет», - деді облыстық көпбейінді балалар ауруханасының педиатр дәрігері Жұлдыз Қуатова.

Балаларға вирус вакцина салдырмаған ата-анасынан жұғуда. Олар вакцина салдырмаумен қатар санитарлық нормаларды сақтамаған, яғни көпшілік орындарға барған. Ахуалға байланысты күшейтілген режимде жұмыс жасалуда.

Еске салсақ, Қызылорда облысында балалар арасында коронавирус инфекциясы өршіп барады.



Соңғы жаңалықтар