Қызылордада жас мамандарға бөлінген жәрдемақыда заң бұзушылықтар анықталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қармақшы аудандық прокуратурасының тексеру нәтижесінде келісім бойынша белгіленген міндеттерін сақтамай, осы уақытқа дейін мемлекет тарапынан алынған көтерме жәрдемақыны мемлекет бюджетіне кері қайтармаған мамандар анықталды.
None
None

Аталған заң бұзушылықтар 9 маман тарапынан орын алып, келісім талаптары орындалмай, ұсынылған 999 670 теңге көлемінде көтерме жәрдемақы мемлекет бюджетіне кері қайтарылмағаны анықталды, деп хабарлады аудандық прокуратураның баспасөз қызметінен.

Ереженің 9 тармағында көрсетілген қаулы қабылданғаннан кейін жеті күнтізбелік күннің ішінде әкімші мен маман арасында осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы келісім жасалады. Аталған келісім бойынша Қармақшы аудандық мәслихатының шешімінің негізінде алушы яғни маманға 70 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көтерме жәрдемақы табысталған. Келісімшарттың 2-ші тармағына сәйкес алушы яғни маман өзіне жоғарыда көрсетілген әлеуметтік қолдау шараларын алған кезде елді мекенінде орналасқан денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт ұйымдарында кемінде бес жыл уақыт қызмет істеуге міндеттеме қабылдайды. Сонымен бірге кейбір мамандарға тұрғын үй сатып алуға несие түрiнде әлеуметтiк қолдауға қаржы бөлінген. Келісімнің 2-тармағының талаптарына сәйкес, осы келісімнің шарттары орындалмаған жағдайда маман әлеуметтік қолдау шаралары ретінде алынған бюджет қаражатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті. Тексеру нәтижесімен 5 796 447 теңге көлемінде тұрғын үй сатып алуға ұсынылған қаржы мемлекет бюджетіне кері қайтарылмауы себепті келісім бойынша міндеттердің орындамауына байланысты мемлекет бюджетіне шығын келтіріліп отырғаны анықталды. Жоғарыда аталған жайттардың негізінде аудандық прокуратурамен анықталған заң бұзушылықтарды жою және келтірілген шығынды мемлекет бюджетіне өндіру мақсатында прокурорлық ықпал ету актілері енгізілді.

Соңғы жаңалықтар