12:56, 04 Қазан 2016 | GMT +5
Қызылордада жасөспірімдер арасында шайбалы хоккейден ел чемпионаты басталады
ҚЫЗЫЛОРДА. қазАқпарат - 10 қазан күні «Мұз айдыны» спорт кешенінде 2004 жылы туған спортшылар арасында шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының бірінші туры басталады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жарысқа сегіз команда: «Астана-2» (Астана), «Алматы№18» (ұлдар), «Алматы» (қыздар), «Каспий» (Ақтау), «Юность-2» (Қарағанды), «Қазақмыс» (Сәтпаев), «Горняк» (Рудный) және «Қайсар» (Қызылорда) командалары қатысады.
Ел чемпионаты Қызылорда облысында алғашқы мәрте өткізілуде. Жарысты ұйымдастырушы Қазақстан шайбалы хоккей федерациясы, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы. Жарыс 16 қазанға дейін жалғасады.