Қызылордада Жастар үйі салынып жатыр

Құрылысты жүргізуші «Интегрострой» ЖШС прорабы Темірбек Ибрагимовтың айтуынша, бүгінде ғимараттың өжірелік бөлігінің құрылысы толық аяқталып, бірінші қабаттың іргесі қалануда. Бес қабаттан тұратын баспананың бірінші қабаты түгелдей балалар үйінен жаңа шыққан түлектерге беріледі. Мұнда екі, үш және бес орынды бөлмелер жайғасқан. Оларда барлығы 47 орын бар. Осында күзетшілер мен жатақхана коменданты үшін де бөлмелер бөлінген. Түлектер жатақханада 23 жасқа толғанға дейін тұрады. Содан соң жеке үйге орналасу мүмкіндігі болмаса, жатақхананың жоғары қабаттарындағы бір бөлмелі пәтерге ауысады. Мұнда осындай 65 пәтер болады. Өз алдына жеке ас үйі, қоймасы, санитарлық торабы бар бұл пәтерлерде олар жастары 29-ға толғанша тұра алады.
Жастар үйінің сметалық құны 350 млн. теңгеге жуық қаражатты құрайды. Ғимарат биылғы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.