Қызылордада жастарға арналған «Самға» жобасы басталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында Жастар жылы аясында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Самға» жобасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш жоба Қызылорда облыстық «Жас Отан» жастар қанаты мен «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірлескен жұмысының нәтижесінде қолға алынып отыр.

Негізгі мақсаты - жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау көрсету және оқушыларды, студенттерді, жалпы жастарды кәсіпкерлікке бейімдеу, сондай-ақ, оларға нарық талабын үйрете отырып, бизнестің жаңа қырларын меңгеруге жол ашу.

Облыс әкімінің қолдауымен 2017 жылы «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін бастаған болатын. Орталық кәсіпкерлерге жер мәселесі, сәулет және құрылыс, мемлекеттік кірістер, қаржы институттарын қаржыландыру шарттары, инженерлік коммуникацияларға қосылу, банкке дейінгі және одан кейінгі жобаларды сүйемелдеу бойынша қызмет көрсетудің 70 түрін «бір өтінім» қағидатымен ақысыз негізде көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар