Қызылордада желтоқсанда жоғалған 16 жасар қыз елордадан табылды
Өткен жылдың желтоқсан айында Қызылорда қаласының тұрғыны тарапынан 16 жастағы қызының үйінен сабаққа шығып, қайта оралмағаны жөнінде хабарлама түскен.
Облыстық полиция департаментінің жеке құрамы іздестіру шараларын жүргізді.
Нәтижесінде ювеналды полицейлер жасөспірім қыздың елордада жүргенін анықтады.
Ол елордалық әріптестерінің көмегімен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған.
«Былтыр кәмелетке толмағандар арасында хабар-ошарсыз кетудің 84 дерегі тіркелді. Оның барлығы ата-анасына аман-есен тапсырылды. Осыған орай полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларына деген бақылауды және жауапкершілікті күшейтуді сұрайды», - деді Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада полиция киімін киген жұмысшының кім екені анықталды.