Қызылордада жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысты
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда қаласында «КаМАЗ» жүк көлігі мен «Mazda» автокөлігі соқтығысып қалды.
Оқиға салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі жарақат алып, қалалық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы Қорқыт ата және Жұмабаев көшелерінің қиылысында болды. «КаМАЗ» жүк көлігінің иесі солға бұрылу барысында қауіпсіздік талабын сақтамаған.
«Жүк көлігі жүргізушісіне қатысты ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған құжаттар сотқа жолданды», деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне.