Қызылордада жер үйден ер адамның мәйіті табылды: Күдіктілер ұсталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда қаласында кісі өліміне күдікті ретінде екі адам қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс орталығындағы жеке үйлердің бірінен белгісіз ер азаматтың мәйіті табылған. Полиция тарапынан ауыр қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Оған қалалық полиция басқармасының тәжірибелі қызметкерлері енді.

«Полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар күдіктілерді іздеу бойынша нақты жұмыстар жүргізді. Аталған іс-шаралар нәтижесінде 1986 және 1998 жылы дүниеге келген күдікті екі ер адам қолға түсті. Күдіктілер қала аумағында жасырынып жүрген. Қазіргі уақытта олар Қызылорда қаласының полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Бұған дейін қылмысқа барып, алтын ұрлаған әйелдің қолға түскенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар