Қызылордада жол апатынан бір адам қаза тауып, төрт адам жарақат алды

ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылының тұрғыны «Шымкент-Самара» тасжолының Бірлік ауылы тұсында машинаның басқару жүйесіне ие бола алмай аударылған.
None
None

Көлік апатынан 20 жастағы төменарықтық азамат жан тәсілім етсе, 1953 жылы туған азаматша аудандық ауруханаға жатқызылды.

Облыстық ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының инспекторы, полиция аға лейтенанты Ақтоты Боранованың хабарлауынша, апта ішінде облыс жолдарын­да 4 жол-көлік оқиғасы орын алды. Онда 4 адам дене жарақатын алса, 1 адам қайғылы қазаға ұшырады.

Осы аралықта жолда жүру ережесін бұзушылар саны 2366-ға жетсе, өрескел тәртіп бұзған 99 жүргізушінің көлігі айып алаңына қойылды. Сондай-ақ 45 жүргізуші көлікті ішімдік ішіп басқарған.

Соңғы жаңалықтар