Қызылордада «Жол картасының» аясындағы 4 бағыт бойынша 128 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделуде

nbsp;ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - «Жол картасы» бағдарламасы негізінде Қызылорда облысында үстіміздегі жылы 6 млрд.теңгені игеру жоспарланып отыр. Бағдарлама аясындағы төрт бағыт бойынша 128 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделуде. Бұл өз кезегінде 5 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік туғызады.
None
None

Мұнан өзге 1500 әлеуметтік жұмыс орнын құрып, 2500 адамды «Жастар тәжірибесіне» тарту, 5290 адамды кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізу жоспарлануда.

Бүгінгі күнге жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған жылдық жоспар 96 пайызға орындалса, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу 73 пайызға орындалып, 1099 әлеуметтік жұмыс орны ашылды. Облыста «Жастар тәжірибесіне» 1943 адам тартылды, бұл дегеніміз, бағдарламада қаралған жылдық жоспардың 78 пайызы орындалды деген сөз. Қайта даярлау курстарына үш мыңнан астам адам тар­тылып, бұл сала бойынша көзделген жылдық жоспардың 63 пайызы орындалғандығын көрсетуде.

Соңғы жаңалықтар