Қызылордада жол-көлік оқиғасынан екі адам қайтыс болды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін, 2 қарашада, Жаңақорған кентіндегі Хорасан ата көшесі бойында болды. Аталған көшеде «Toyota Hilux» және «ВАЗ-2107» маркалы автокөліктер соқтығысты.
«Жол-көлік оқиғасынан екі адам көз жұмды, екі адам түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді. Іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Онда автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Ведомство мәліметінше, тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада арнайы операция кезінде есірткі притоны анықталды .