Қызылордада жолға шығып кеткен малдың кесірінен 47 жол-көлік оқиғасы тіркелген

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында республикалық маңызы бар автожолдарға қараусыз жүрген малдың шығып кетуіне байланысты 47 жол-көлік оқиғасы болған. Олардың арасында адам өліміне соқтырған деректер де тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Шалқаров мәлім етті. Қазіргі таңда осыған байланысты түнгі уақытта жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында елді мекендерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытында қажетті іс-шаралар қолға алынған. Халықаралық маңызы бар автомобиль жолының бойында «Абайлаңыз, үй жануарлары» деген мағынадағы паннолары мен металл қоршау торларын орнатуға назар аударылады.

«Облыс аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша «Автобус», «Қауіпсіз жол», «Жаяу жүргінші», «Құқық тәртібі» және өзге де жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар, әр аптаның жұма, сенбі және жексенбі күндері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, қала және аудандардағы полиция қызметі күшейтілген түріне көшіріліп, «Түнгі қала», «Қауіпсіз аула» атты қысқа мерзімді жедел-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілуде», - деп мәлімдеді С.Шалқаров.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысында көлік қағып кеткен малдың иесі іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар