Қызылордада жүргіншілер жолында көлік адам қақты

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата көшесі бойында жеңіл көлік жүргіншілер жолында жолаушыны қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Зардап шеккен азаматша медициналық мекемеге жеткізілді. Автокөлік жүргізушісінің үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделді», деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Бұған дейін Шиеліде бидай тиелген жүк көлігінің тіркемесі өртеніп кеткенін хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар