Қызылордада журналист Е. Шілдебаевтың есімімен көше аталды

ҚЫЗЫЛОРДА. 9 мамыр. ҚазАқпарат  - Кезінде есімі облыспен қатар республикаға кеңінен танылған журналист Есенгелді Шілдебаев бүкіл саналы ғұмырын Қызылорда облыстық радиосы мен телевидениесіне арнады.
None
None

Ол ҚазМу-дың журналистика факультетін бітіріп келген бойда осы қызметке белсене араласты. Кейін, 1991 жылы облыстық телевидение ашылар тұста оның бастауында тұрғандардың бірі болды. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды.

Өзі талантты журналист болып қана қоймай, сонымен қатар көптеген шәкірттер тәрбиелеген ұстаз атанған қарымды қаламгердің ғұмыры осыдан 12 жыл бұрын кенеттен үзілді. Бүгінде тірі болғанда ол осы күндері 70 жасқа толған болар еді. Алайда, Есағаң жүргізген радио және телехабарлар көздері қарақты көрерменнің жадында әлі тұр. Сондықтан да Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында өткен «Қоғамның гуманизациялануы және телеарналардың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі» тақырыбында өткен республикалық ғылымы-тәжірибелік конференция талантты тележурналистің туғанына 70 жыл толуына арналды.

Осы күні Есенгелді Шілдебаевтың есімі берілген көшенің ашылу жиыны өтті. Салтанатты сәтте көшеге мемориалды тақта ілу рәсімі болды. Бұдан кейін журналист атындағы волейболдан дәстүрлі турнир қанат жайды. Соңынан марқұмды еске түсіруге арналған ас беріліп, құран оқылды.

Соңғы жаңалықтар