Қызылордада журналистика мамандығы бойынша пән олимпиадасы өтіп жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша ІХ республикалық пән олимпиадасы басталды,-деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Екі күнге созылатын білім бәсекесіне елімізде журналист мамандар даярлайтын 13 жоғары оқу орнынан 39 студент қатысып, өзара бақ сынамақ.

Олимпиадаға қатысушылар білім додасының алғашқы күнінде университеттің «Археология және этнография», «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» атты көрме залдарымен, сондай-ақ «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана жұмыстарымен танысты.

Олимпиаданы университеттің оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректоры Б.А.Жұнайдұлы ашып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар олимпиаданың ашылу рәсімінде әділқазылар алқасы мен білім додасының ережесі таныстырылды.

Байқауға қатысушылар олимпиаданың алғашқы кезеңінде команданы таныстырса, екінші кезеңінде эссе жазады.

Сонымен қатар республикалық олимпиада аясында жас ақындардың шығармашылық кеші өтеді.

21 сәуір күні олимпиаданың үшінші туры болады. Онда қатысушылар тест тапсырып, «Жедел ақпарат» жазудан сайысқа түседі.

Олимпиаданың жабылу рәсімі 21 сәуір күні сағат 16.00-де Мұстафа Шоқайтану орталығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар