Қызылордада жыл басынан бері 114 адам коронавирус жұқтырған

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері 114 адам коронавирус жұқтырған. Оның басым бөлігі Қызылорда қаласында тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Айта кетейік, облыста жыл басынан бері тіркелген 114 науқастың 90-ы Қызылорда қаласында тұрады.

Сондай-ақ, Жаңақорғанда - 13, Қармақшыда - 4, Жалағаш пен Шиеліде - 3, Сырдарияда - 1 адам қатерлі індетке шалдықты.

«Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 дерегі Қызылорда қаласында тіркелді. Айта кетерлігі, 4 науқастан жөтел, әлсіздік, дене температурасының жоғарылауы, дененің ауырсынуы секілді ауру симптомы байқалған. Ал 2 адамнан аурудың клиникалық белгісі анықталған жоқ. Тұрғындардан барлық сақтық шараларына назар аударуын сұраймыз», - дейді Қызылорда облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір өңірде коронавирус инфекциясымен тіркелген науқастар саны - 3 506.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, індеттен айыққан науқастар саны 3408 адамға жетті. Соңғы тәулікте 7 науқас емделіп шықты.

Бүгінде инфекциялық стационарда - 27, ал стационардың реанимация бөлімінде 3 науқас ем алып жатыр.

Естеріңізге сала кетелік, Қызылорда облысында 134 дәріге шекті баға енгізілді.


Соңғы жаңалықтар