Қызылордада жыл басынан бері 67 алаяқтық қылмысы тіркелді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері 67 алаяқтық қылмысы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс полициясы интернет алаяқтыққа тосқауыл жасау мақсатында тиісті іс-шараларды қолға алып келеді. Бұл бағытта оның жасалу тәсілі және орын алуына ықпал ететін мән-жайларға үнемі талдау жүргізіледі.
Қазір ғаламтор арқылы жасалған алаяқтық алаңдатып отыр. Мұндай қылмыстың жасалу әдісі мен алаяқтық схемасы дамып келеді.
«Жыл басынан бері облыста 67 алаяқтық қылмысы тіркелді. Оның 36-ы (53,7 пайызы) интернет-алаяқтық қылмысына жатады.
Ғаламтор арқылы жасалған алаяқтықтың басым көпшілігі онлайн несиелер рәсімдеу, интернет қосымшалары арқылы мобильді құрылғыны пайдалану кезінде болады. Алаяқтар көп жағдайда Сізге жалған сөйлеу арқылы, ұялы телефоныңызды қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін бағдарлама орнатуға үгіттейді, сондықтан бөтен адамның сұрауымен өзіңізге беймәлім қосышаларды жүктеу кезінде өте сақ болыңыз», - деп ескертеді Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада халықаралық іздеуде жүрген адамның ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.