Қызылордада жыл соңына дейін 81 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өткізіледі

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Биыл республикалық бюджеттен облыс бойынша 81 көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеуден өткізуге 1,8 млрд теңге бөлінді.
None
None

Айта кету керек, Қызылорда облысына басқа облыстарға қарағанда бірнеше есе көп қаржы бөлінген. Сондықтан қаладағы көпқабатты тұрғын үй тұрғындарына үйлерді жөндеуден өткізіп алуға үлкен мүмкіндік беріліп отыр.

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Әбдіқалықов «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте мәлімдегендей, аталған үйлердің қатарында қаржысы жетіспеуінен тоқтап тұрған 28 көпқабатты тұрғын үйлердің биыл жөндеу жұмыстары толығымен аяқталатын болады. Қазіргі кезеңде тұрғындардың келісімімен мердігерлер таңдалып, ұйымдастыру жұмыстары басталып кетті.

Ал 2015 жылы тағы 37 көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеуге ҚР ӨДМ-не бюджеттік өтінім тапсырылды. Бұл үйлердің санын 120 үйге дейін көбейтуге қала мен аудандар тарапынан тиісті құжаттамалары әзірленуде.

Соңғы жаңалықтар