12:38, 05 Қазан 2013 | GMT +5
Қызылордадағы Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап кітапханада аймақ тарихына арналған фотокөрме ашылды
ҚЫЗЫЛОРДА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Қызылордадағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебеп ғылыми кітапханада Қызылорда қаласының іргесі қаланғанына 195 жылдығы мен облыстың құрылғанына 75 жылдығына арналған фотокөрме ашылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Көрмені облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Мұнда кәсіпқой және әуесқой фотомамандар жолдаған 500-ден астам фотожұмыстардан ең үздік делінген 30-ы таңдап алынған. Оларда қазіргі заманғы Қазақстанның көріністері бейнеленген. Ал Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қаланың Ақмешіт және Перовск аталған кездеріндегі фотосуреттер топтамасын ұсынды. Көрмеге сондай-ақ, жергілікті жас суретшілер мен балалардың Қызылорданың болашағын акварельмен бейнелеген картиналары қойылған.