Қызылордадағы "Аймахан" жеке кәсіпкерлігі жұртшылыққа қажет өнімдерді рекше назар аударуда

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Олар жүргіншілер жолының төсеніші, іргесін бекітетін көмкерме және түрлі қаптамалық зертастар әзірлеуді нақты жолға қойды. Бүгінге дейін жалпы көлемі 10 мың шаршы метрді құрайтын дайын өнім сатылған. Нақтылағанда, L-300, В-300, Н-30 маркалы тік төртбұрышты тақтаның 1 шаршы метрді құрайтын 11 данасын бар болғаны 890 теңгеден алуға болады. Арзан бұйымды саудалаушылардың қатарында мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік құрылымдарға қоса, жеке азаматтар да жетерлік. Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарындағы тұрақты тұтынушыларының қатары көбейіп келеді. Әзірге 6 адам күніге 300 шаршы метрге жуық әрлі де сәндік материалдарды кез келген пішінде тез дайындап бере алады. Шағын цехқа қосымша жабдықтар орнатылып, қайта жаңғыртылған кезде бұл шаруаға 15 маман жұмылдырылады.