10:45, 15 Қаңтар 2011 | GMT +5
Қызылордадағы Облыстық наркологиялық диспансерге жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар расталмады - ТЖМ
АНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы Облыстық наркологиялық диспансерге жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді хабар келіп түсті.

Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, кеше, 14 қаңтар күні сағат 20.15-те Қызылорда облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне диспансерге жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді қоңырау шалынған.
Оқиға орнынан дереу шұғыл әрекет ету қызметі жөнелтілді. Оның құрамында ҚР ТЖМ Қызылорда облысы бойынша ТЖД-ның 12 адамы мен 3 техникасы, ҚР ТЖМ «ЮРАОСО» мемлекеттік мекемесінің 4 адамы мен 1 техникасы, «Қызылорда қаласы Шұғыл құтқару жасағы» ММ-ның 4 адамы мен 1 техникасы болды.
Жүргізілген арнайы іс-шаралар барысында жарылғыш зат табылмады. Құрбандар мен зардап шекендер жоқ.