Қызылордадан Семейге қосымша пойыз шықты

ҚЫЗЫЛОРДА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Қызылорда - Семей бағытында қосымша жолаушылар пойызы шығатын болды. Бұл туралы «Жолаушы тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Жолаушылар тасқынының көбеюіне байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қызылорда-Семей бағытында №22/21 жүрдек жолаушылар пойызын шығаруға ұйғарым жасады», - делінген хабарламада.

Атап көрсетілгендей, жаңа құрам 9 қазаннан бастап жолға шығып, жылдың соңына дейін қатынайды. Ол 4 күнде бір рет жүреді. Пойыз 19 вагоннан, соның ішінде 4 ұйықтау вагонынан, 4 купелі вагоннан және 4 палцкарт-вагоннан, сондай-ақ 1 вагон-рестораннан, 1 техникалық және 1 жүк вагонынан құралады.

Соңғы жаңалықтар