23:49, 15 Желтоқсан 2018 | GMT +5
Қызылордаға биылғы алғашқы қар жауды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордаға биылғы жылғы алғашқы қар жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс орталығы - Қызылорда қаласында бүгін кешкілік алғашқы қар жауды. Сыр өңірінде бүгінге дейін мұндай мөлшерде қар түспеген еді.
Жылдағы ауа-райының жағдайына байланысты қар қараша айының басында жауатын еді. Биыл қар жылдағыдан кеш түсіп отыр.
Жергілікті синоптиктер биыл қар жылдағыдан аз мөлшерде болуы ықтимал екенін айтады. «Қазгидромет» Қызылорда филиалы мамандары алдағы 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында да қар мөлшерден аз болуы ықтимал екенін хабарлап отыр. Ол 8-19 мм аралығында түсуі мүмкін.