Қызылордаға Ғ.Мүсірепов атындағы жастар театры гастрольге келеді

ҚЫЗЫЛОРДА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Қызылордаға 70 жылға жуық тарихы бар Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры 21-26 қазан аралығында гастрольдік сапармен келеді. Бұл туралы театрдың баспасөз бөлімінен хабарлады.
None
None

Баспасөз бөлімінің хабарлауынша, өнер ұжымы сапар шымылдығын Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында М.Әуезовтің «Ай Қарагөз» трагедиясымен (режиссері Т.Теменов) ашады. Содан кейін бағдарламаға сай, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясын (режиссері М.Ахманов), Иран-Ғайыптың «Фатима» қасіретнамасын (режиссері М.Ахманов), Ж.Солтиеваның «Сағым қуғандар» мистикасын (режиссері Б.Сейітмамытұлы), Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» трагедиясын (режиссері Ж.Хаджиев) және Ө.Боранбаевтың балаларға арналған «Ер көжек» музыкалық ертегісін (режиссері И.Әбілмәжінов) қояды.

Театрдың бүгінгі шығармашылық бет-бейнесін, көркемдік биігін паш ететін қойылымдарда көрермен қауым Лидия Кәден, Гүлжамал Қазақбаева, Сағат Жылгелдиев, Жақсыбек Құрманбеков, Райхан Қалиолдина, Күлжәмила Белжанова, Жомарт Зейнәбіл, Рахман Омар, Бейбіт Камаранов және тағы да басқа сахна саңлақтарының өнеріне куә болады.

Соңғы жаңалықтар