Қызылордаға сәуір айында қазақстандық вакцина жеткізіледі

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысына сәуір айының соңына таман «QazCovid-in» вакцинасы жеткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бүгінгі күнге дейін өңірде 10 659 адам коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдырды. Жақын күндері тағы да «Спутник V» вакцинасының бес мың дозасы жеткізіледі. Сондай-ақ, аймаққа сәуір айының аяғында «QazCovid-in» вакцинасы әкелінеді.

«Жалпы, шілде айына дейін 80 мың адамға екпе салуды жоспарлап отырмыз. Эпидемияны түбегейлі жеңудің жолы - вакцина салдыру. Әрине, ол ерікті түрде жүргізіледі. Негізінде ұжымдық иммунитет қалыптастыруымыз керек. Сол себепті барша халықты коронавирус инфекциясынан қорғану үшін сақтық шараларын сақтауға, екпе салдыруға шақырамын», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов.

Қазіргі таңда 9 ПТР аппараты жұмыс істейді. Тәулігіне 1000-1100 аралығында сынама алынуда. Қажеттілік туындаған жағдайда зерттеу санын 1900-ге дейін жеткізуге мүмкіндік бар.

Естеріңізге сала кетелік, бүгінгі күнге дейін Қызылордада 10659 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырды.



Соңғы жаңалықтар