Қызылордалық 8 сынып оқушысы «Үздік жас математик» байқауында 100 мың теңге жеңіп алды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қалалық ішкі саясат бөлімі және «Қазақылықтың атамекені» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен А.Жұмаділдаев атындағы «Үздік жас математик» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Салтанатты рәсімде қала әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлы қатысушыларды ұлтымыздың ең ұлық мерекесі - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтады.

Байқауға қыркүйек-қазан айларында өткізілген іріктеу кезеңіне мектеп жасындағы жастардан 12 оқушы, жоғарғы және арнаулы орта білім беру орындарынан 9 студент құжат тапсырса, ұстаздар қауымынан математика пәнінің 15 мұғалімнен өтініштер келіп түсіпті.

Байқаудың арнайы бекітілген ережесіне сәйкес, арнайы білікті мамандардан құралған комиссия 36 үміткердің ішінен үздік деп танылған 10 жеңімпазды анықтады. Жеңімпаздарға арнайы сертификат пен 100 мың теңге көлемінде арнайы сыйақыны Асқар Жұмаділдаевтың өзі табыс етті. Математиктердің ең жасы Әбдіманап Әбдірахман қаладағы №112 мектепте 8-ші сыныпта оқыса, жеңімпаздар қатарында мектеп пен университет ұстаздары мен студент жастар да бар.

«Бұл шара алдағы уақытта да дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын болады», - деді қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

Соңғы жаңалықтар