19:17, 09 Мамыр 2012 | GMT +5
Қызылордалық Әсел Серікбай - шахматтан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері
ҚЫЗЫЛОРДА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Қызылордалық Әсел Серікбай Румынияның Яссы қаласында мектеп оқушылары арасында шахматтан өткен Әлем чемпионатында күміс медаль (11 жасқа дейінгілер арасында) жеңіп алды.

Он жастағы Әсел турнирді сәтсіздеу бастады. Ол алғашқы 4 турда бар болғаны 2 ұпайға ие болды. Содан соң намысқа қамшы басқан сырбойлық саңлақ қыз қатарынан бес рет жеңіске жетіп, ұпай санын 7-ге толтырды. Бұл оның чемпионатта екінші болуын қамтамасыз етті.
Бұған дейін өз қатарлары арасында еліміздің бірнеше рет чемпионы болып үлгенген бүлдіршін олимпиялық резервтегі №2 облыстық арнайы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде оқиды. Ол енді күзде Словенияда өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына дайындалады.