Қызылордалық боксшы Баку турнирінде алтын олжалады

ҚЫЗЫЛОРДА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Әзербайжан елінің астанасы - Баку қаласында таяуда өткен халықаралық турнирден қызылордалық боксшы Тұрсынбай Құлахметов алтын медальмен оралды.
None
None

Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Үндістан, Қазақстан сынды жеті елдің былғары қолғап шеберлерінің басын қосқан сайыста 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Т.Құлахметов қазақстандықтар атынан турнирге қатысқан 9 боксшының арасында алтыннан алқа таққан жалғыз саңлақ болды. Ол шаршы алаңға екі рет шығып, екеуін де жеңіспен аяқтады. Алдымен жартылай финалда алаң иесі - әзербайжан Орхан Майилиді 11:9 есебімен жеңсе, финалда украин Леонид Синаниді 12:7 етіп ұтты. Бір айта кететіні, әзербайжан боксшысы биыл жазда ғана Астанада өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлде жеңіп алған болатын.

Жалпы, турнирде қазақстандықтар 1 алтын, 2 күміс және 2 қола медальмен командалық есепте төртінші орын алды. Күміс медальдарды Олжас Қалаубек (48 кг) пен Әлішер Аман (91 кг), қола медальдарды Әділбек Әбілжан (56 кг) пен Дінислам Әбдешев (81 кг) қанжығаға байлады.

Қызылордалық Тұрсынбай Құлахметов қазір Қорқыт ата атындағы Қы­зыл­орда мемлекеттік университетінің 1-курсында оқиды. Ол жоғары спорт шеберлігі мектебінде бапкер Жәміл Жү­сіповтің қарауында жаттығады.

Соңғы жаңалықтар