Қызылордалық дәрігер: Үйге бармағаныма 3 апта болды

Әсел Сейілованың айтуына қарағанда ол соңғы үш апта үйіне бармаған. Тәулік бойы жұмыс орнында қалады.
«Менің үйге бармағаныма 3 аптадай уақыт болды. Жұмыста қонып, осында қалудамыз. Бұл барлығымыз үшін қауіпсіз. Мен науқасқа шалдыққандарды емдеп және өзінің жақындарымды қауіпті дерттен қорғағым келеді. Қауіпті індетті жойғанша қызмет орнында боламыз», - деді Әсел Сейілова.
Сондай-ақ, ол жалақысы қосылған үстемақы туралы да айтты.
«Бала күнімнен дәрігер болуды алдыма мақсат еттім. Сол арманыма қол жеткіздім. Он жылдан астам уақыттан бері денсаулық сақтау саласында қызмет атқарып келемін. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев еңбегімізді ескеріп, айлығымызға қосымша төлемақы төлеуге шешім қабылдағанын білеміз. Маған наурыз айының жалақысына үстеме төленгені туралы ұялы телефоныма хабарлама келіп түсті. Оның көлемі 248 000 теңгені құрайды», - деді ол.
Еске салсақ, Қызылорда облысында коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған 127 адам бар.