22:26, 21 Ақпан 2016 | GMT +5
Қызылордалық Дәулет Ниязбеков екінші жыл қатарынан Азия чемпионы атанды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Тайланд астанасы Бангкокта еркін күрестен өткен Азия чемпионатында Дәулет Ниязбеков елінің туын биіктен желбіретіп, әнұранын шырқатты. Бұл туралы Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ол 61 келі салмақта сынға түсіп, финалда иран балуанын 10:0 есебімен таза жеңді.
Айта кетейік, Дәулет осымен екінші жыл қатарынан Азия чемпионы атанды.
Бапкері - ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Абуталип Аманов.