Қызылордалық гандболшы қыздар Спартакиадада екінші орын алды

ҚЫЗЫЛОРДА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының қыздар арасындағы гандболдан құрама командасы Қостанайда өткен мектеп және колледж оқушыларының VI жазғы Спартакиадасында екінші орынды жеңіп алды.
None
None

Жарысқа 6 команда қатысты. Қорытындысында алға алаң иелері - Қостанай облысының құрамасын ғана жіберген Сыр бойының жасөспірім қыздар командасы қалған қарсыластарының бәрін ұтып, күміс медальге ие болды. Қызылордалықтар сапынан облыс намысын Регина Закирова, Виктория Колотинская, Наталья Полуянко, Вероника Хардина, Дана Әбілда, Ксения Шадрина, Елена Ячина, Аида Жақсылық, Зарина Чугунова, Саида Алмат, Мария Новикова, Татьяна Кудашева қорғады.

Команданы жарысқа халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ольга  Егунова дайындады.

Соңғы жаңалықтар