Қызылордалық каратэшілер Алматыдан 9 медаль алып қайтты

ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 26-сы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Алматы қаласында каратэ-додан жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан кубогы мәресіне жетті. Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстан 450-ге жуық спортшы қатысты.
None
None

Осы сайысқа Қызылорда облысынан қатысқан спортшылар бәсеке нәтижесінде 3 алтын, 2 күміс, 4 қола медальдің иегері атанды. Атап айтқанда, Мұрат Ертаев 18 жастан жоғары жастағылар арасында катадан бірінші орын алса, кумитэден екінші орынға қол жеткізді. Ал кумитэде Мөлдір Жаңбырбай (12-13 жас), Перизат Алтынбек (10-11 жас) алтын алды. Сонымен қатар, кумитэден тағы бір жерлесіміз Марта Ким (10-11 жас) күміс жүлдегер болса, Салтанат Исмаилова (16-17 жас), Бексейіт Әбдіқалық (12-13 жас), Шыңғысхан Қасымханов (14-15 жас) және Ақмарал Бекназар (8-9 жас) қолаға қол жеткізді.

Маусым айының 29-ы күні Индонезия астанасы - Джакарта қаласында Азия чемпионаты өтеді. Құрлықтық бәсекеде Мұрат Ертаев, Мөлдір Жаңбырбай, Ақмарал Ерназар, Қайсар Өмірбек сынды жерлестеріміз ел намысын қорғайды.

Соңғы жаңалықтар