Қызылордалық кәсіпкер күн мен желден қуат көзін өндіріп, шаруасын дөңгелетіп отыр

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Соңғы жылдары ауылдағы ағайынның да еңсесі көтеріле түскені белгілі. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан түрлі жеңілдіктер дала перзенттерінің кәсібін өркендетуіне айтарлықтай септігін тигізуде. Соның бірі - Берік Сұлтанбеков басшылық жасайтын «Айзат» шаруа қожалығы. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Қазалы аудандық әкімдігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
None
None

Майдакөл ауылының аумағында, Арал теңізі беткейінде орналасқан шаруа қожалығы өзінің жұмысын мұнан біршама уақыт бұрын бастаған болатын. Алғашқыда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қорынан төрт миллион теңге несие алған кәсіпкер азамат шаруасын дөңгелентіп әкетті. Мүйізді ірі қара, қой, ешкі, жылқы өсіретін шаруа қожалығы егін егумен де айналысады.

Ағымдағы жылы шаруа қожалығы БҰҰ Даму бағдарламасының пилоттық жобасы аясында құны 7,5 млн теңгені құрайтын күн және жел арқылы қуат көзін өндіретін құрылғы және тәулігіне 150 литр су тұщытатын қондырғы алды. Бұған қоса халықаралық «Аралды құтқару қорының» қаржысына шахталық құдық орнатылды. Бұған дейін шалғайдағы учаскенің суы тұзды, кермек болғандықтан ауыз су жайы өзекті болып келген еді. Енді тығырықтан шығар жол табылды. Оған қоса түнемелікте май шаммен отыратын күндер де артта қалды.

«Иен далада жарық жанып, ауыз су мәселесі шешімін тапты. Күнделікті тұрмысқа қажетті тұтыну бұйымдарын пайдаланып отырмыз. Бұл - ел Тәуелсіздігінің арқасы», - дейді іскер жан.

Соңғы жаңалықтар