Қызылордалық Марина Вольнова ? Қазақстан чемпионы

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Алматы қаласында бокстан әйелдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында қызылордалық Марина Вольнова 81 кг. салмақта чемпион атанды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл біріншілікке еліміздің барлық өңірінен 150-ден астам спортшы қатысты. Соның ішінде Сыр өлкесінен барған 9 былғары қолғап шебері шаршы алаңда бақ сынады. Барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген Марина қазір Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің екінші курсында оқиды. Былғары қолғап шеберіне бокстан ересектер арасындағы облыс құрамасының аға бапкері Ғалымжан Байғондиев тәлім берген. Ел біріншілігінде чемпион атанған жерлесімізді алда бірнеше жарыстар күтіп тұр. Боксшы бойжеткен биылғы жылдың қараша айында Вьетнамда өтетін Азия чемпионатына барады. Сонымен қатар, ол Түркияда Ахмет Құмар атындағы халықаралық жарыста да еліміздің намысын қорғайды.
Соңғы жаңалықтар