Қызылордалық мердігер 2017 жылы салынған балабақшаны қайта жөндейді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қармақшы ауданындағы «Айгөлек» балабақшасы өз жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Оған себеп - нысанның ішкі қабырғаларында жарық пайда болып, ірге тастарының отыруы байқалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Атап өтейік, Қармақшы ауданындағы «Айгөлек» балабақшасы 2017 жылы салынып, пайдалануға берілді. Құрылысы 2016 жылы басталған еді. Қармақшы ауданы әкімінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары Жалғас Сүйеубаевтың айтуынша, бүгінде балабақша ғимаратында жөндеу жұмыстары басталып кетті.  Ол 20 шілдеге дейін аяқталады.

Техникалық зерттеу жұмыстары жер асты суының көтерілуі салдарынан едендердің және ішкі қабырғалардың ірге тастарының отыруына алып келгенін анықтады. Соның салдарынан қабырғаларда жарықтар пайда болған.

«Орын алған ақауларға байланысты Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасына және Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына 2018 жылдың 25 мамырында тиісті хаттар жолданды. Ғимараттың техникалық жағдайына басқарма тарапынан «KZ Құрылыс сараптама» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен техникалық зерттеу жүргізілді», - деп мәлімдеді Жалғас Сүйеубаев.

Сараптама қорытындысы Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасынан Қармақшы ауданы әкімінің аппаратына 2018 жылдың 18 маусымында хат жолданды және аталған балабақша ғимаратында орын алған ақауларды қалпына келтіру үшін тиісті мердігер мекемеге рұқсат беру сұралған. Бүгінгі күнге тиісті жөндеу басталды.

«Жобаның жалпы сметалық құны - 250 млн. теңге. Құрылыс монтаж жұмыстарына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу өткізілген. Нәтижесінде «Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС арқылы 228,7 млн. теңгеге келісім-шарт жасалған», - деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының орынбасары Алмат Ізбасар.

null 

Соңғы жаңалықтар