Қызылордалық оқушылар жол қозғалысы ережелерін сақтау тақырыбындағы шығармашылық байқауда бақ сынасты (ФОТО)

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 20-29 қазан аралығында өтіп жатқан «Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері 28 қазанда қала орталығындағы орналасқан №140 мектеп оқушыларына жол қозғалысы ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
None
None

Шараның басты мақсаты - жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауын ескерту, жол-көлік жарақаттануының алдын алу болып табылады. Шара барысында оқушылар арасында «Жол қозғалысы ережелерін сақтайық!» тақырыбында сурет салып, шығарма жазудан байқау өткізілді. Шығарма жазу барысында балалар жол қозғалысы ережелерін жақсы білетіндіктерін көрсетіп, жолдан өткенде мәдениеттілікті сақтау қажеттігін баса көрсетті. Шара соңында сурет салудан және шығарма жазудан үздік деп танылған туындылар анықталып, әділқазылар тарапынан жоғары бағаланды, деп хабарлады ОІІД баспасөз қызметінен.

Шара әрі қарай білім беру мекемесінің ауласында жалғасын тауып, қозғалыстың жас инспекторлары мектептің бастауыш сынып оқушыларын жолдан қалай өту керектігін көрсетіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ қозғалыстың жас инспекторлары көлік жүргізушілері мен жолаушыларды жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырып, көрнекі үгіт құралдарын таратты.

Аталған шара осы бағытта қала орталығындағы басқа мектептерде де жалғасын табатын болады.

Соңғы жаңалықтар