Қызылордалық өрен халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық өнерпаз Дінмұхаммед Төлеубай Беларусь жерінде өткен «Арт-парад» конкурсының Гран-при иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордалық өрен халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

Биыл алғаш рет өткізілген халықаралық конкурсқа әлемнің көптеген елдерінен өнерпаздар келді. Қазылар алқасы қызылордалық жеткіншектің өнерін жоғары бағалады.

Дінмұхамед Қызылорда қаласындағы №11 мектептің 7-сыныбында оқиды. Дарынды жас бұған дейін де бірнеше байқауға қатысты. Оның академиялық бағыттағы конкурстық әні қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған.

Дінмұхаммед Төлеубай гран-при иегері ретінде Беларусьтің Витебск қаласында өтетін ХХІХ халықаралық «Славян базары» байқауына шақырту алды.