Қызылордалық полицейлер бір күнде 748 адамды жауапқа тартты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- 15-17 наурыз күндері аралығында Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы  қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу бағытында облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп, жұмыс барысы күшейтілген жүйеге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап.
None
None

Аталған шараға ішкі істер органдарының 1 мыңнан аса жеке құрамы жұмылдырылып, оның алғашқы күнінде барлығы 748 құқық бұзушы анықталды. Оның ішінде, автокөлікті мас күйінде басқарған 16 жүргізуші анықталса, қауіпсіздік белдігін тақпай көлік тізгіндеген 128 жүргізушіге, ұялы телефонмен сөйлескен 92 жүргізушіге, жылдамдықты шамадан тыс асырған 59 жүргізушіге  әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, «мүлдем төзбеушілік» қағидаты аясында  қала мен елдімекен аумақтарын көріктендіру ережесін бұзу дерегі бойынша - 127, спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу дерегі бойынша - 54, ұсақ бұзақылыққа қатысты 55 құқықбұзушылық анықталып, тиісті шаралар қолға алынды.

Уақытша бейімдеу және интоксикация орталығына 20 азамат жеткізіліп, 3 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзғаны үшін ТМД елдерінің 79 азаматына шара қолданылды.  

Тәулік ішінде 12 қылмыстың беті ашылды. Айтарлық, 15 наурызда Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері  жүріс-тұрысы күдік тудырарлық Ш.М. есімді азаматты тоқтатып, тексеру барысында күртешесінің қалтасынан газет қиындысына оралған жасыл түсті, ерекше иісі бар затты анықтайды. Белгісіз затқа сараптама тағайындалып, қорытындысы бойынша, оның салмағы 1,48 грамды құрайтын «кептірілген марихуана» екендігі анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

 

Соңғы жаңалықтар