Қызылордалық полицейлер жолда қалып қойған жолаушыларды құтқарды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық полицейлер суықта жолда қалған жолаушыларды құтқарды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол-патрульдік полициясының қызметкерлері «Шымкент-Самара» жолының Тартоғай елдімекені тұсында тұрған «Мерседес-Спринтер» маркалы шағын автокөлікті байқайды. Тексеру кезінде, күннің суығынан автокөліктің жанармайы қатып автокөліктің оталмай қалғандығын анықтайды.
Автокөліктің ішіндегі 20 жолаушыны тоңып қалмауы үшін полиция қызметкерлері Шиелі бағытына бара тартқан көліктерді тоқтатып, отырғызып жіберген.
Ал, ақауы бар шағын автобус Шиелі кентінің автокөлік жөндейтін орнына жеткізілді.
Дәл осындай жағдай «Қызылорда-Арал» жолында қайталанды. Байқоңыр қаласына бағыт алған автобус істен шығып, ішіндегі 47 жолаушысымен қоса жол бойында қалып қойған. Аталмыш автобустағы адамдарды полицейлержәрдем беріп, адамдарды құтқарды.
Айта кетерлік жайт, бір күн ішінде полиция қызметкерлері жол бойында қалған 15 автокөліктегілері көмек көрсетті.