Қызылордалық спортшы Р. Гайнеев велотректен Азия кубогында күміс жүлде иеленді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Жақында Үндінің Дели қаласында 12 мемлекет қатысқан велотректен Азия кубогы аяқталды. Аталмыш бәсекеде Қазақстан құрама командасы сапында өнер көрсеткен жерлесіміз Роберт Гайнеев 4 шақырымдық командалық жарыста сынға түсіп, екінші орынды еншіледі, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
None
None

Ол бұған дейін тректен Азия чемпионы (Индонезия 2012 ж.) атанса, шосседен жекелей жарыста Азия чемпионатының (Малайзия, Куала-Лумпур 2012 ж.) және тректен жастар арасында Әлем чемпионатының (Жаңа Зеландия, Инверкаргилле 2012 ж.) қола жүлдесін иеленді

Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын Робертті жарысқа Руслан Ягафаров дайындады.

Соңғы жаңалықтар