Қызылордалық спортшылар белбеу күресінен өткен ел чемпионатынан 1-орынды иеленді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында белбеу күресінен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен ел чемпионатында қызылордалық спортшылар жалпыкомандалық есепте 1-орынды (3 алтын, 4 күміс, 6 қола) жеңіп алды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

 

Жарыста Қармақшы, Шиелі және Жаңақорған ауданы, Түгіскен елді мекенінің спортшылары жақсы өнер көрсетіп, команданың алға шығуына өз үлестерін қосты. Атап айтсақ, Мұхаметхан Сағындық (55 келі), Нұрлан Пайзеллаев (65 келі), Диана Ғайбулла (46 келі) Қазақстан жеңімпазы атанса, Ерболат Құлжанов (60 келі), Данияр Байболат (71 келі), Жұлдыз Жұмахан (66 келі), Гүлдана Ергеш (+66 келі) күміс жүлдеге қол жеткізді.

Рахымжан Мансұр (65 келі), Жанқожа Ағыбаев (71 келі), Әлисұлтан Мырзан (77 келі), Спандияр Алмаханов (83 келі), Нұрберген Алдаберген (+83 келі), Нұрбану Убайдулла (+66 келі) қола жүлдені еншіледі.

Чемпионат қорытындысы бойынша 1,2-орындарды иеленген спортшылар Астана қаласында болатын Әлем чемпионатына жолдам алды. 
null  

Соңғы жаңалықтар