22:43, 09 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Қызылордалық студенттер жемқорлыққа қарсы флешмоб ұйымдастырды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған флешмоб өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы шараға арнайы белгіленген алаңға мыңға жуық оқушы жиналып, қолдарына «Коррупция stop» деген жазуы бар плакаттар алып шықты. Осы арқылы олар өздерінің қоғамды жегі құрттай жеген жемқорлық әрекеттеріне қарсылықтарын білдірді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің облыстық департаментінің жетекшісі Абзал Сансызбайұлы флешмобтың қатысушыларын жемқорлықпен бірлесіп күресуге шақырды.
Акция соңында студенттер патриоттық әндер айтты.