Қызылордалық тәртіп сақшылары «Жолда қабылдау» акциясын өткізді

Осының салдарынан 105 адам көз жұмған. Жол үстіндегі келеңсіз оқиғаларды азайту мақсатында қызылордалық тәртіп сақшылар «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізі бойында «Жолда қабылдау» акциясын өткізді. Әкімшілік полициясы қызметкерлерінің бастамасына «Нұр Отан» партиясы да үн қосты. Жол сақшылары мен көшбасшы партия өкілдері бірлесіп халықаралық автодәліз бойында жүргізушілерге қауіпсіздік шарасын түсіндірді.
Келер жылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізі пайдалануға беріліп, тегіс жолмен көліктер жоғары жылдамдықта жүруге мүмкіндік алады. Сол кезеңде ауыл тұрғындары өз иелігіндегі төрт түлігін қадағалағаны жөн. Өйткені малдың бей-берекет жүрісі де көлік апатына себеп болуы ғажап емес. Осы және өзге профилактикалық шаралардан хабардар еткен жол сақшылары тұрғындар сауалдарына жауап берді.
Бүгінде облыста 125 мыңға жуық көлік бар. Оның 70 мыңдайы Қызылорда қаласында. Аймақтағы автомобиль ағынын кептеліссіз жүргізіп, жол қозғалысын қауіпсіз етудегі шаралар жалғаса бермек. Бұл туралы 24 kz хабарлады.