Қызылордалық жас бишілер Лондонда өткен байқауда жүлдегер атанды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Англия астанасы - Лондон қаласында өткен «Супер әлемдік талант-2020» онлайн байқауында «Айшуақ» би тобы бірінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Би тобы Бұдабай Қабылұлы атындағы Шиелі аудандық мәдени-шығармашылық орталығы жанынан құрылған. Онда 10-13 жастағы өрендер тәлім алады.

Жас өнерпаздар халықаралық байқауда бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Би тобына Динара Оразова жетекшілік етеді.


Соңғы жаңалықтар
telegram