Қызылордалық жастардың әлеуметтік желілердегі мәліметтері жинақталуда

Қала жастарының үлесі - 33,8 %, ауыл жастары - 66,2%, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Аймақта жұмыс істейтін «Жастар денсаулығы орталығы» Мемлекеттік мекемесі 12-29 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдерге денсаулықты сақтау мәселелері бойынша кешенді медициналық, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсетеді. Орталықтың штаттық кестесінде тұрақты мамандар, жалпы тәжірибелік дәрігер, дерматовенеролог, уролог, акушер-гинеколог, қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері, психолог, валеолог, психотерапевт, әлеуметтік қызметкер, заңгер, суицидологтар жұмыс жасайды.
Сонымен қатар, анонимді кабинеттер, жедел желі телефоны, ақпараттық интернет, арт-терапия, жаттығу-би залы, үстел теннисі, қолөнер, шахмат, шашка, тоғызқұмалақ үйірмелері жұмыс істейді.
Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығындағы қорытынды бойынша, республика көлемінде осындай орталықтардың қызметіне жүгінген жастар мен жасөспірімдердің саны жағынан Қызылорда облыстық Жастар денсаулығы орталығы І-орынға шықты.
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыстық Жастар денсаулығы орталығы жастар мен жасөспірімдер арасында профилактикалық жұмыстарды күшейту мақсатында 2016 жылдың 9 айында облыс бойынша 2655 шара өткізіліп, 108 464 жасты немесе облыс жастарының 53,8 % қамтыды. Жедел желі арқылы соғылған қоңыраулар саны бір жылда 14,2 есеге көбейген.
Зерттеу нәтижесінен жастар денсаулықты сақтау және нығайту туралы қажетті ақпаратты (39,7 %) әлеуметтік желілерден алатындығы белгілі болды. Осыған орай, орталық мамандары облыс көлеміндегі мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындары студенттерінің ұялы байланыс телефондары және ғаламтор желілеріндегі пошталарының дерекқор бағдарламасын әзірледі.
Дерекқорда 60 586 жасөспірім мен жастардың мәліметтері жинақталған. Бұл барлық жастардың 30,1 %-ын құрайды. Бағдарламаның мүмкіндігі шегінде WhatsApp, веб-сайт және E-mail желілерімен хабарлама таратуға және сауалнама таратылып, онлайн кеңес жүргізілуде. Жастарға өз денсаулықтары жөніндегі кез келген сұрақтарға жауап беру мақсатында, орталық әлеуметтік желілерді (Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter) кеңінен пайдалануда.
«Терезесі тең» қағидасы бойынша 168 ерікті жұмыс жасауда.