Қызылордалықтар малдарын көлік қағып кету жағдайларына алаңдаулы

Соңғы уақытта автожолдар бойында малдардың қараусыз жайылып, жолға шығып кетуі салдарынан түрі апатты жағдайлар туындап отыр. Өткен жылдың өзінде республикалық маңызы бар автожолдар бойында 53 мал қағу дерегі болған.
«Осының салдарынан 2 адам қаза болса, 7 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған. Ал, 2018 жылдың басынан 24 мал қағу дерегі тіркеліп, оның ішінде 1 адам дене жарақатын алған», - дейді облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Гүлжахан Қайырбергенова.
Оның сөзінше, бүгінгі күні тәртіп сақшылары үй жануарларының әрекетінен болып жататын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында тиісті іс-шараларды қолға алған. Қызылорда ОІІД-нің ұсынысымен және ауыл әкімдерінің қолдауымен республикалық маңызы бар автожолдар бойында мал иелері үй жануарларына жарық (сәуле) шағылыстыратын құрылғылар орнатып жатыр. Қазір олардың саны 4 мыңнан асты.