17:45, 10 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Қызылордалықтардың толеранттылық деңгейі жоғары - Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы хатшылығының басшысы
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Аймақтың түрлі этнос өкілдері өзінің жалғыз Отаны Қазақстан деп біледі. Бұл туралы бүгін облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы хатшылығының басшысы Ләйлә Төрешова мәлімдеді.
Еліміздегі этносаралық ахуалды респонденттердің 97,7 пайызы «қолайлы» және «тыныш» деп бағалады. Ал, қызылордалықтардың толеранттылық деңгейі 95,6 пайызды құрады.
«Президент Жарлығымен 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы болып белгіленді. Бүгінгі күні Қызылорда облысында 11 этномәдени бірлестік бар. Сонымен қатар, Қоғамдық келісім орталығы мен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жанынан Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы жұмыс жасауда», - деді Л.Төрешова. Мұнан кейін ол БАҚ өкілдерін алдағы Ассамблея жылында атқарылатын іс-шаралар жоспарымен таныстырды.